Жалпы мағлұмат

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ
 

Халықаралық білім беру көрмесі

«International Education Fair 2017»

Өткізу күні мен орны:

2017 жылғы 23–24 маусым, Астана қаласы, Қазақстан Орталық Концерт залы

2017 жылғы 26–27 маусым, Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кітапханасы

Көрме мақсаты:

Әлемдік білім кеңістігіне бірігу мақсатымен білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, шетелдік білім алуды дәріптеу, сондай-ақ халықаралық білім беру жобаларын іске асыру саласында тәжірибе алмасу.

Қатысушылар:

Халықаралық білім беру көрмесі жұмысына Қазақстан Республикасы, Орталық Азия мен Еуропа Одағы елдері министрлері, жоғары қызметтегі тұлғалары, білім саласындағы әлемдік сарапшылар, қазақстандық және шетелдік (АҚШ, Ұлыбритания,  құрлықтық Еуропа, Азия және ТМД) жоғары оқу орындарының 500-ден астам өкілі, тілдік мектептер, білім беру агенттіктері, халықаралық стипендиалдық бағдарламалар, сондай-ақ мектептер, колледждер және жоғары оқу орындарының шетелде оқуға/тағылымдамадан өтуге қызығушылық білдірген түлектері қатысады.

Көрме пішімі:

Көрме бағдарламасымен іс-шараның Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі қатысуымен салтанатты ашылуы, қазақстандық және шетелдік университеттер арасындағы меморандумдарға қол қою рәсімі, шетелдік жоғары оқу орындары мен қазақстандық білім беру агенттіктерінің B2B кездесулері жоспарлануда.

Байланыс:

010000, Қазақстан Республикасы
Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8
«Алтын Орда» бизнес орталығы, 502 офис
Тел./факс: +7 (7172) 24 93 88
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
 
 
FaLang translation system by Faboba

Серіктестер

b1 b2 b3 Beglobal