Қазақстан

ТАБИҒАТ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ

ОРНАЛАСУЫ

Еуразия континентінің ортасында, Атлант және Тынық мұхиттарының жағалауларынан тең аралықта, әлемдегі жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды алатын ел Қазақстан Республикасы орналасқан. Ауданы 2724,9 мың метрді құрайтын Қазақстан Еуразиядағы жер көлемі жағынан төртінші орынды иеленіп, бір уақытта мемлекеттің террриториясына Еуропаның Франция, Испания, Швеция, Германия, Финляндия, Италия және Ұлыбритания секілді ірі жеті мемлекетін орналастыруға болады.

Қазақстан (шығыс, солтүстік және солтүстік батысында) Ресеймен, (оңтүстік шығысында) Қытаймен және (оңтүстігінде) Орталық Азия елдері Өзбекстан, Қырғызстан және Түркменстанмен шекаралас болып келеді. Ұлан байтақ елдің шекарасының ұзындығы 12,2 мың км созылады, оның 600 км Каспий теңізінің акваториясы бойынша орналасқан.

Қазақстан өзінің жер байлықтарын мақтан етеді, Менделеев кестесіндегі барлық элементтерді құрайтын пайдалы қазба байлықтарына толы.

Елдің тағы бір бірегей ерекшелігі ландшафттық әртүрлілігі. Қазақстан территоиясының 58% шөлдер мен шөлейттер, 10% таулар алып жатыр. Республиканың солтүстігі далалы және орманды далалық жерлерге бай. Бұл жерлерден жеті мыңнан астам өзендер ағады, олардың ұзындығы 10 км асады. Қазақстандағы ең ұзын өзендердің бірі Ертіс (2482 км), Есіл (2450 км), Сырдария (2219 км) және Іле (1439 км). Көптеген өзендер Каспий және Арал теңіздерінің, Балқаш және Теңіз көлдерінің алаптарына жатады. Үш өзен Ертіс, Есіл, Тобыл өз суларын Каспий теңізіне құяды.

Қазақстанның табиғи ерекшеліктері болатын Тянь Шань тауларының бір бөлігі, Сарыарқа және Алтай тау жүйесінің құрамына кіретін солтүстік тау тізбектерін қосады.

Қазақстан қала статусы бар 86 елді мекендерді біріктіреді. Елдегі қала тұрғындарының саны 56% құрайды. Республиканың ірі қалалары — Астана, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавловск, Тараз, Өскемен, Орал, Шымкент.

ӨСІМДІКТЕР ӘЛЕМІ

Қазақстанның табиғаты әртүрлі және қайталанбайды. Оның әрбір бұрышы өзінше әдемі. Республиканың кең жерінде өзіне тән «тірі табиғат қазынасы» көптеп кездеседі. Олардың әрқайсысы өзіне тән жеке сапамен және ерекшелікпен бөлініп шығады. Солтүстік аудандар орманды далаларға, оңтүстік -жазықтарға, одан арғы оңтүстік жартылай шөлейтті және шөлді аймақтар болып табылады.

Қазіргі кезде Қазақстанда флора ағаштардың 68 түрі, бұталардың 266 түрі, аралас тал – шіліктердің, бұталар мен жартылай шөптердің 433 түрі, шөптердің 2598 түрі есептеледі.

Республика аймағында эндемиялық ағаштар мен бұталардың 115 түрі кездеседі, олар тек Қазақстан аумағында ғана өседі және әлемнің ешбір жерінде кездеспейді.

Қалдық түрлерге яғни, республикадағы өсімдіктің үстіңгі қабатына өткен дәуірлердегі флораның өкілдерінің мынадай түрлері жатады: тянь-шань шыршасы, ылғал сүйгіш шаған (согдианский), қаратау ақтікені, Регель алмұрты, Королькова бояркасы, пісте, Семенов үйеңкісі және т.б.

Қазақстанда күріш шаруашылығы дамыған. Күріш алқаптары әртүрлі, олар жер толқындарымен қоршалған, су толық басқан және дәннің бай өнімін береді. Елде көптеген екпежерлерде басқа да дақылдарды егеді: мақта, темекі, жүгері.

Қазақстанда Сивер алма ағашы өседі, ол барлық алма тұқымдас өсімдіктердің бастаушысы болып табылады. Қазақстандық алманың сорты «апорт» барлық алма сорттарының ішіндегі ең дәмдісі болып саналады, ол барлық әлемге танымал.

Сонымен қатар, Қазақстанда қызғалдақтар да өседі, ол барлық қызғалдақ түрлерінің бастаушысы болып табылады.

ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ

Қазақстанның жануарлар әлемі шындығында бірегей, сүт қоректі хайуандардың – 172 түрі, құстардың – 490 түрі, балықтардың – 150 түрі кездеседі. Бауырымен жорғалаушылар және жәндіктер шөл және шөлейтті жерлерде кездеседі. Қырлы жерлерде қарақұйрық, ақбөкен, қасқыр, қоян, түлкі, қорқау қасқырлар, әртүрлі кеміргіштер (тышқандар, сарышұнақтар, аламан тышқандар) кездеседі.

Қазақстандық көлдер қаздардың, аққулардың, үйректердің, шағалалар мен қоқиқаздардың мерзімдік тұрағы болып саналады. Көптеген құстар үшін көлдер тұрақты мекен. Ең бай жануарлар әлемі болып таулы өлкелер саналады. Онда аюлар, тау ешкілері мен қойлар, қар қабыланы, бұғылар және құстардың көптеген түрлері кездеседі. Шөлдерде де және таулы өлкелерде де жабайы табиғатты сақтауды міндет ететін қорықтар салынған.

ТЯНЬ-ШАНЬДЫҚ ҚАРА АЮ

Қоңыр аюдың көбіне сирек кездесетін түрі – тянь-шаньдық қоңыр немесе тырнағы ақ болып келетін аю. Терісінің әдемі ақшыл түсі мен ұзын тырнақтары бұл аюды тау жануарларының арасында патша етеді. Тянь-шаньдық қоңыр аюдың мекен ететін жерлері Памиро-Алтай және Тянь-Шань таулары. Сонымен қатар, ол Батыс Гималай, Қарақорым және Оңтүстік Азия тауларында да кездеседі. Қазақстанда аюдың бұл түрі Угам және Пскем тау жоталарында, Қаржантау, Кетмен, Талас, Қырғыз, Іле, Күнгей және Теріскей-Алатау тауларында кездеседі.

ОРТА АЗИЯ СІЛЕУСІНІ

Сыртынан сілеусін үй мысығына ұқсайды, тек үлкендеу. Сілеусіннің денесі қысқа, құйрығы шолақ және жуан ұзын аяқтары болады. Сілеусіннің ең қызықты жері – құлағының шетіндегі қара шашақтары. Сілеусіннің бетінде жақ сақалдары көрініп тұрады. Қыста бұл жануар ашық түсті, бір түсті, қоңын-ақшылттау немесе сұр түсті, дақсыз немесе арқасында және аяқтарының жоғарғы жағында тіпті көзге көрінбейтін дақтары болады. Жазда жүні қысқа әрі қатты, сарғыш түске боялады.

Орта Азия сілеусіні Орта және Орталық Азия тауларында мекендейді. Қазақстанда қазіргі уақытта сілеусін Өгем, Піскем, Шатқал жоталарында және Боралдай тауларында сирек кездеседі. Шығыста Солтүстік Тянь-Шаньда және оның тау сілемдерінде, сондай-ақ Жоңғар Алатауында, Тарбағатай мен Саурада таралған.

ДІН

Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет, мұнда дін биліктен бөлініп, елді басқаруда маңызды рөл атқармайды. Бүгінгі таңда елдегі ең көп таралғандар- ислам және праваславиелік христан бұтақтары. Сонымен бірге ел діни маңызы бар бірнеше мерекені тойлайды.

Елдің діни құрамы – бұл Қазақстан және республикадағы барлық халықтардың тарихының көрнекті бейнесі. Тарихи тұрғыда қазақтар сүнниттік мәндегі мұсылмандар болып табылады. Алайда, Кеңестік Одақ кезінде Қазақстанға әртүрлі ұлттардың көшіп келуіне байланысты елдің ұлттық құрамы біршама өзгерді. Орыстар және украиндермен бірге Қазақстанға православие де келді. КСРО кезінде қоғамда дінге тыйым салынды.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда діннің нағыз қайта тууы болды. Бүгінгі күні ел халқының 97% дінге сенушілер деп есептейді, олардың 70% өздерін мұсылмандар деп санайды.

Бүгінде Қазақстанда 130-дан астам ұлттар татулық пен келісімде өмір сүріп жатқан жер. Олар діни толеранттылық және конфессияаралық бірлікте өмір сүруде. Осы ұлттардың әрбіреуі өзінің дініне құлшылық ету және өз туған тілін үйрену мүмкіндігіне құқығы бар.

Қазақстанда 17 концессияға жататын 3 мыңнан астам діни одақтар жұмыс істейді. Бүгінгі күні әлемдегі барлық дерлік діндер осы жерде ұсынылған: буддизм, ислам, иудаизм, христиан (протестанттық ағымдар, православие, католицизм), сонымен қатар, заманауи жаңадан пайда болғандар және политеистік діндер.

МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨМІР

САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР

КИІЗ ҮЙ

Киіз үй  – еуразиялық көшпенділердің керемет жасандысы, қазақ халқының дәстүрі мен тұрмысының белгісі. Киіз үй – жылжымалы үй, функционалдық үй есебінде қазақтардың табиғаттан бөлінбейтін әлемдік көз қарасын көрсетеді. Киіз үй – қыста жылы, жазда қоңыр салқын болып тұратын тұрғын үй. Киіз үйді бұзып көшіру және тез құру өте ыңғайлы.

Киіз үй – өткен мен қазіргінің жалғасы, биік таулар мен шексіз, шетсіз кең дала бостандығының белгісі. Керемет тұрғын үй есебіндегі киіз үйді ежелгі көшпенділер қолданса, қазіргі қазақтар жазғы мал жайлауларында, мерекелер кезінде қолданады.

ДАСТАРҚАН

Дастарқан – қазақ отырысының ежелгі дәстүрі, қонақжайлылық пен отбасы, қарым-қатынастың тұнып тұрған философиясы. Дастарқан басында болудың өзі, қазақ дәстүрінің қазірге дейін сақталып келген колоритіне үңілдіреді: қазақ ас үйінің дәмді тағамдары, ұлттық ойындары, әндері мен сайыстары.  Басқа шығыс халықтарының рәсімдеріне қарағанда шай ішу реттілігі мен маңызына өте ерекше көңіл бөлінеді.  Әр қонақты шаймен қарсы алады.

Бұл сусын (шай) самаурында қайнатылған ыстық сумен фарфор аққұманда демделеді. Қазақтар шайды сүтпен немесе қатықпен ішеді.  Қазіргі дастарқан дәстүрлі салт-дәстүрді сақтап, ұлттық тағамдар мен сусындарды қосады.

НАУРЫЗ

Қазақстанның ең үлкен мерекесі – Наурыз мерекесі.  Наурыз мерекесін көктемде күн мен түннің теңелген күні 22 наурызда тойлайды, бұл күні адамдар қыс ауыртпалығынан құтылып, мал-жандарының сақталғанына, баршылыққа қуанған.

Дәстүрлі мерекенің негізгі тағамы наурыздық (наурыз көже) болып саналады, бұл тағамға дәстүрлі жеті дәм салынатын, бұл тағамды аузына алған адам жыл бойы өзін тоқ санайды екен.

Адамдар бір-біріне бақыт пен молшылық тілеп,  Наурыз мерекесін үш күн тойлайды. «Жаңа жылды» тойлауды қыс пен көктем тартысының белгісі есебінде қыз бен жігіт айтысымен басталады. Жас ерекшелігіне қарамай, барлық адамдардың қатысуымен түрлі сайыстар мен ұлттық ойындармен аяқталады.

ТҰСАУ КЕСУ

Тұсау кесу – нәрестенің ең алғашқы қадам басуымен байланысты. Көптеген ғасырлар бұрын ақ сақалдар нәресте алғашқы қадам басқанда құлайтындығы, аяғы көрінбейтін жіппен байланған деген.

Салт-дәстүр бойынша үйге ең қарт және ең сыйлы адам шақырылады. Ол өмір бойы жеңіл және сенімді жүріп өтуі үшін әдейіленіп байланған нәрестенің аяқ арасындағы жіпті кеседі.

АЙТЫС

Айтыс – қазақ ақындарының сайысы, дәстүрлі әндер аяқ астынан шығарылады, бірден, дайындықсыз. Әр айтыс белгілі бір тақырыпты жырлаудан тұрады. Айтыстар көсемсөз түрінде құрылады, өйткені халық үшін өзекті тақырыптар қозғалады. Кейбір мәселелер шешімін табатын болғандықтан, әрі қарай тақырыптар тез талқыға түседі.

Ақындар арасындағы тартыс әзіл-сықақ түрінде жүреді, олар өмірге деген көз қарастарын таластырады, әзілді  асыра сілтеу өлең сөздерін әндетіп, желдірмелетіп, музыкалық аспаптардың көмегімен әндетеді.Айтыста қарсыласынан ән мен өлеңнен басым түскен ақын жеңіске жетеді.

ТАҒАМДАР

БЕСБАРМАҚ

Бесбармақ– қазақтың дәстүрлі ұлттық тағамы. Дәстүр бойынша бесбармақты қолымен жеуге керек, сондықтан атауы да «бес бармақ» сөзінен шыққан. Тағам бай сорпада қайнатылған,  бөліктерге бөлінген, жұқа жайылған қамырдан тұрады, оны табаққа салып, оның үстіне пісірілген сиыр немесе қой етін (көбіне, дәстүрлі түрде жылқы еті) кішкене қайнатылған пияз және хош иісті  жасыл салады.    Тағамға қосымша ретінде кесемен  хош иісті сорпа ұсынылады.

БАУЫРСАҚ

Бауырсақ – шағын келген кішкене бүйрекшелер, ол ашытқы және ашытылмаған қамырдан, қазанда майға қуыру арқылы дайындалады. Бұл ерекше ұннан жасалған тағам, оны өз ретімен және қосымша ретінде де, мысалға сорпаға қосып беріледі.  Бал шырыны қосылған бауырсақты шай дастарқанына қоюға  болады.

ҚЫМЫЗ

Қымыз – қышқыл сүтті көбікті сусын, ақшыл түсті биенің сүті.    Қымыздың дәмі дәмді, ащылау-тәтті.   Жалпы нығайтатын және сергітетін дәмдік сапасы бар сусынды тек қана Қазақстанда ғана бағалап қоймайды.

Қымыз ашыту мен дайындау жағдайына қарай әртүрлі болып келеді.    Қымыздың құрамында жоғары спирттің бар болуы адамды масайтатын  және қоздырылған күйге әкеледі.  Басқаша болуы да мүмкін, қымыз адамды босаңсыған, тыныш, тіпті ұйқы келтіретін күйге әкелуі мүмкін.

Қымыздың құрамында сусынды антимикробты зат, нәрлі құндылық, адам ағзасында биологиялық үрдістерді ынталандыратын ашыту кезі үрдісінде  микроорганизмдерді шығаратын антибактериалды заттар бар.  Қымызды күнделікті пайдалану кезінде адамның тәбеті, асқорыту және пайдалы заттарды жинау, салмағы жоғарылауды жақсартады.

АЙРАН

Айран – түркі, солтүстік кавказ, оңтүстік кавказ және балкан халықтары арасында кең тараған қатық, айран негізіндегі қышқыл-сүтті сусын түрлері. Әр халықтар мен әр аймақта айран сусынының аталуы мен жасалыну технологиясы әр түрлі болып келеді. Сүтті қышқыл бактериялар арқылы алынатын жалпы бір сүтті сусын екені белгілі.

Отырықшы халықтарда айран шөлді жақсы қандыратын сұйық консистенциялы, көшпенділерде – сақтауға және тасымалдауға ыңғайлы қою болып келеді.  Шөлді қандыру үшін қою айранды сумен, сүтпен, қымызбен араластырады.

ШҰБАТ

Шұбат – қазақ халқының дәстүрлі жазғы қышқыл-сүтті түйе сүтінен алынатын сусыны. Бұл сусын демікпе, өкпе ауруы, бауыр суықтануы, диабет және псориаз ауруларына пайдалы ем.

Шұбаттың дайындалуы өте қарапайым.  Түйенің жаңа саумал сүтін ағаш ыдысқа құйып, ұйытқысын қосып, жауып, ашуы үшін бір тәулікке қояды. Үстелге берер алдында шайқап беріледі.

ҚҰРТ

Құрт – кептірілген ірімшіктен жасалған тағам, ащылау-қышқыл дәмді. Құрт ұзақ сақталынатын және тоқ тағам болғандықтан, көшпелі халықтан шыққан. Сақталуда күй талғамайтын, құрамында мол кальцийі бар құртты қазір де пайдаланады.

МЕРЕКЕЛЕР

1 Қаңтар – Жаңа Жыл

Қазақстанда Жаңа Жылды тойлау түбірімен сонау кеңестік Қазақстанға кетеді. Мерекені еуропалық дәстүр бойынша 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған күні тойлайды. Бұл Қазақстандағы жалғыз Жаңа Жыл емес, бұдан басқа шығыс дәстүрі бойынша Наурыз мейрамы да мерекеленеді.  Екі бірдей Жаңа Жылды қарсы алу Қазақстан Республикасында ресми мереке күндері болып саналады.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

Бұл күн қазақстанда аналар мерекесі болып саналады және мемлекеттік мереке күні болып табылады. Ең бірінші кезекте сыйлықтар аналарға арналап сыйланады. Дегенмен, барлық әйелдер: жұбайлар, әпке-қарындастар, қыздар, ұстаздар, құрбылар да назардан тыс қалып қоймайды.

22 наурыз – Наурыз мейрамы

Жаңа жыл шығыcдәстүрі бойынша көктемгі жаңарудың, махаббаттың, құнарлылықтың және достықтың  символы болып табылады. Жаңа жылдың бұл мерекесі астрономиялық күн күнтізбесі бойынша   иран және түркі халықтарының жаңа жылдық мерекесі. Наурыз адамзаттың бейматериалдық мәдени мұрасы  тізіміне  ЮНЕСКО-ның қайталау іріктемесіне енгізілгеннен кейін, Халықаралық күн болып жарияланды.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

Мереке бізге мұра ретінде Кеңес Одағының барлық елдері еңбекші ынтымақтастығының Халықаралық күнін бірінші мамырда атап өтуінен қалды. Тәуелсіз Қазақстанда мереке Қазақстан халқының бірлігі күні деген мәртебені иеленді. Бұл күні басты көшелерде мерекелік шерулер өтеді, ал алаңдарда көңіл көтеретін іс шаралар жасалады.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті,  Жоғарғы бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қорғаныс күштерін құру туралы жарлыққа қол қойды.  Осы күннен бастап әскери атақтар мен марапаттар беру дәстүр болып қалыптасты.

9 мамыр – Жеңіс күні

1945 жылдың 9 мамырында Кеңес Одағы елдерінің әлемдік өркениеттің болашағын шешуіне Ұлы Отан соғысында жеңіске жетуі үстем болды.  Бұл күні Қазақстан халқы адам өмірімен келген жеңісті тойлайды. Бұл күні отан қорғаушыларға құрмет көрсетіліп, «мәңгілік алауды»  еске түсіріледі. Осы күні концерттер ұйымдастырылады, ал кешке Қазақстан халқы мерекелік салютты тамашалайды.

6 маусым – Астана күні

Қазақстандағы астана күні өте қызықты деректермен,  мемлекеттің астанасын Алма-Ата қаласынан Ақмола қаласына көшірумен байланысты. Кейін қала аттары өзгертілді. Бастапқы кезде астана күнін мерекелеу  қала деңгейінде 20-шы маусым күні  өткізілді.  2006 жылдан бастап астана күнін мерекелеу маусымның 6-на өзгертілді.  Бұл күннің есте қаларлығы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дүниеге келді.

30 тамыз – Конституция күні 

Конституция – елдің негізгі заңы ретінде Қазақстан  халқының еркіндігін, «оның ел  ретінде демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет, ал оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» болып табылады (Н. Назарбаев).  Бұл күні дәстүрлі түрде мерекелік  іс-шаралар ұйымдастырылады.

1 желтоқсан – Бірінші Президент күні. 

Қазақстан Республикасының Бірінші президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың конституциялық тіркелген ерекше орны бар. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың Республика алдында сіңірген еңбектерін Қазақстанның тұрғындары Бірінші президент күні еске алады.

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні 

Тәуелсіздік күні негізгі ұлттық мереке.  1991 жылы Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Республиканың тәуелсіздігі және мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады.  Содан бастап Тәуелсіздік күні жыл сайын тойланады. Мереке күні барлық қалалар мен ауылдарда мерекелік концерттер өткізіледі, кешке аспан фейерверктер мен салюттар сәулелерімен жарқырайды.

FaLang translation system by Faboba

Серіктестер

b1 b2 b3 Beglobal