Құрметті көрме қатысушылары мен келушілері!

minnew2016

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Сіздерді Education Fair Қазақстандағы ірі халықаралық білім көрме-конференциясына қатысуға шақырады!

Жыл сайын Education Fair әлемдік және қазақстандық жетекші жоғары оқу орындарының 60-тан аса өкілінің, білім саласындағы беделді халықаралық сарапшылардың, сондай-ақ Қазақстандағы 5000-нан аса мектеп оқушысы мен студенттің басын қосады.

Жыл өткен сайын Education Fair мүддесінің шеңбері кеңейіп, барынша көп беделді қатысушылар санын қамтитын әлемдік деңгейдегі алаңға, Қазақстанды әлемге танытатын бірегей іс-шараға айналуда.

Білім көрмесі ұзақ мерзімді өзара табысты қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың жаңа стандарттарын көрсететіндігіне сенімдіміз!

Құрметпен, 
Бiлiм және ғылым министрi
Ерлан Сағадиев
 

23–24 маусымда Астана қаласында «Қазақстан» орталық концерт залында

26–27 маусымда Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы кітапханасында 

«International Education Fair 2017» халықаралық білім көрмесі өтеді.

Көрме ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ.

Неге біздің көрмемізге қатысуыңыз керек?

  • Сіз шетелдік оқу орындары өкілдерімен тікелей сұхбаттаса аласыз;

  • Шетелде оқудың барлық қадамдары ұсынылатын болады: тіл мен дайындық курстары, жоғарғы білім, магистратура және МВА, PhD;

  • Стипендиялық бағдарламалар бойынша сарапшылар кеңесін алу;

  • Халықаралық үкіметаралық шәкіртақы бағдарламалары жайлы толық ақпарат алу мүмкіндігі;

  • Кәсіптік бағдар анықтау үшін психологиялық тесттен өту мүмкіндігі;

  • Сіз IELTS, TOEFL, HSK сияқты халықаралық емтихандардан сәтті өтудің негізгі құпияларын біле аласыз;

  • Демеушілеріміз тарапынан сыйлықтарды жеңу мүмкіндігі.

Үш жыл ішінде он бес мыңнан астам адам көрмеге қатысты – білім алаңындағы мамандар, коммерциялық және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, колледждер, жоғарғы оқу орындары, тіл және дайындық мектептері.

FaLang translation system by Faboba

BARCEF 2016 фотосүреттері

Серіктестер

b1 b2 b3 Beglobal